Қытайдан шыққан этникалық қазақ, жанкүйерлер арасында "Супер Саян" лақап атымен танымал Тайлақ Нұражы (11-1) әлемнің ең беделді аралас жекпе-жек ұйымы UFC октагонында алғашқы кездесуін өткізді.
Шанхайда өткен UFC Fight Night 257 турнирінде Нұражы жартылай орта салмақта ирландиялық Кифер Кросбимен (10-5) күш сынасты. Үш раундқа жоспарланған айқас небәрі алғашқы бесінші минутта аяқталып, қазақ файтері қарсыласын айқын нокаутпен жеңді.
Бұл жеңіс Тайлақ Нұражының кәсіби мансабындағы он екінші жеңісі болып тіркелді. Сонымен қатар ол UFC-дегі дебютін сәтті бастап, жанкүйерлерінің үмітін ақтады.
Ал ирландиялық Кросби үшін бұл айқас сәтсіз өтті. Ол алтыншы рет жеңіліп, UFC-дегі көрсеткішін 0-3-ке дейін нашарлатты.