Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Бокстан ұлттық құрама көшбасшысы әлем чемпионатына қатыса алмайды

Сарапшы, спорт журналисі
23.08.2025, 22:55

Қазақстан құрамасының тәжірибелі боксшысы Абылайхан Жүсіпов 2025 жылғы әлем чемпионатына бара алмайтынын хабарлап, жанкүйерлерге арнайы үндеу жасады.

instagram/@jussupov_ablaikhan
instagram/@jussupov_ablaikhan

Абылайхан Жүсіповтің жанкүйерлерге жолдауы

Алдағы күндері біздің құрама әлем чемпионатына Ливерпуль қаласына жол тартады. 

"Ішкі турнирлерде кім мықты екенін дәлелдесек те, сыртта әрқашан бірлікте болайық. Бір-бірімізді қолдап, Қазақстан туын халықаралық аренада абыроймен көтерейік», — деп жазды ол өзінің Instagram парақшасында.

Сын мен шешуші таңдау

Астанада өткен World Boxing кубогының алғашқы кезеңінде күтпеген жерден жеңілгеннен кейін Жүсіпов сынға ұшырады.

Ол 70 келіге дейінгі салмақта ұлттық құраманың бірінші нөмірі болса да, жанкүйерлер жас боксшы Төрехан Сабырханды 2025 жылғы әлемдік біріншілікке жіберуді талап етті.

Нәтижесінде бапкерлер штабы шешім қабылдады. Ливерпульде өтетін әлем чемпионатына Жүсіпов емес, Сабырхан қатысатын болды.

Бұл шешім жанкүйерлер арасында түрлі пікір туғызды. Бірі жас Сабырханды қолдаса, енді бірі тәжірибелі Жүсіповтің халықаралық рингте өзін дәлелдеуге тағы бір мүмкіндікке лайық екенін айтты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір