10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Келесі қаһарман – сенсің, Қазақстан сен үшін оянады" - Головкин мен Әлімханұлының әсерлі кездесуі (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
26.08.2025, 20:30

Қазақ боксының қос жұлдызы – Геннадий Головкин мен Жәнібек Әлімханұлының кездесуі бейнежазба түрінде жарияланды.

sportilinet.kz

GGG: “Сен – жаңа буынның қаһарманы”

Боксшылар 23 сәуірде жүздескен. Ол кезде Әлімханұлы тек суреттерін бөліссе, қазір Головкиннің жүрекжарды сөздері жазылған видеоны жариялады.

Головкин Әлімханұлына қарата былай деді:

“Біздің елге қазір нағыз батырлар қажет. Мен – бір буынмын, ал сен – келесі. Қазақстан сен үшін оянады, саған еліктейді. Сен бәрін бағындыра аласың! Келесі ұрпақтың қаһарманы болуға тиіссің!”

Головкин – аңыз, Әлімханұлы – қазіргі чемпион

  • Геннадий Головкин (43 жаста): орта салмақта WBA, WBC, IBF, IBO тұжырымдары бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы, Pound-for-Pound рейтингтерінің экс-лидері. Соңғы рет рингке 2022 жылдың қыркүйегінде шықты. Әлі ресми түрде мансабын аяқтамаған. 2024 жылдың ақпанынан бері Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті.

  • Жәнібек Әлімханұлы (32 жас): орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша қазіргі әлем чемпионы. Кәсіпқой бокста 17 жеңіс, соның ішінде 12 нокаут. Әлемнің үздік орта салмақ боксшыларының қатарында (BoxRec, The Ring рейтингтері).

Реклама
Реклама