Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Наталья Богданова: "Рингте қарсыласымды аяп кетемін"

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 10:39

Әлем чемпионы Наталья Богданова El.kz тілшісіне берген сұхбатында спортқа қалай келгенін және рингтегі мінезі туралы айтып берді.

Наталья Богданова. Фото: ҚБФ
Реклама
Реклама

Наталья Богданова мектеп кезінен спортқа бейім болған. Алғашында жеңіл атлетикамен айналысқан ол кейін жаттықтырушының кеңесімен боксқа келіп, мүлде басқа жолды таңдаған.

«Мектепте әрдайым спорттық жарыстарға қатысатынмын. Жеңіл атлетикамен айналыстым. 7-сыныпта жаттықтырушы шақырды, сол кезден бастап спортқа жақындай түстім. Колледжге түскенде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі бір жаттығуға боксқа шақырды. Алғашында «мен және бокс?» деп шошып кеттім. Бірақ тәуекел етіп бардым. Залда тек жігіттер болды, қатты қысылдым. Бірақ бірінші жаттығудан соң ұнады. Кейін тағы барып жүрдім де, мүлде бауыр басып кеттім. Ал жеңіл атлетикада өзімді толық көрсете алмадым. Сондықтан таңдау жасап, бокста мүмкіндігім көбірек екеніне сендім», - дейді Наталья Богданова.

Боксшы қыз рингте қарсыласын ұруға қимай қалатын кезі болатынын айтты.

«Рингтің сыртында өзімді қаталдау сезінемін. Жаттықтырушым қарсыласыңды ұрмайсың деп үнемі ұрсатын. Бірақ ол уақытпен келеді ғой. Шындығында, мен тым жайдары, мейірімдімін, кейде қарсыласымды аяп кетемін», - дейді боксшы қыз.

Сонымен қатар боксшы қыз жауынгерлік өнермен айналысқысы келетін қыздарға кеңес берді:

«Жауынгерлік өнерді «ерлер спорты» немесе «әйелдер спорты» деп бөлуге болмайды. Бұл ең алдымен рухтың қуаты, өз-өзіңе деген сенім және жеке шекараңды қорғай білу. Егер осы жолды байқап көргің келсе, демек бұл — сенің бағытың», - деді Наталья Богданова.

Айта кетейік, Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өткен әлем чемпионатында Наталья Богданова (70 келі) алтын медаль алды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары