Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Асу Алмабаевтың өзбек қарсыласы UFC-ден шеттетілді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 15:36

Өзбекстанның танымал файтері UFC-ден шеттетілді.

Рамазан Темиров. Фото: Getty Images
Реклама
Реклама

UFC ұйымы өзбекстандық аралас жекпе-жек шебері Рамазан Теміровті бір жылға дисквалификациялады.

Теміров гормондық препарат қабылдаған

Спортшының сынамасынан тыйым салынған триметазидин табылған. Ол гормондық және метаболикалық модуляторлар санатына жатады.

UFC баспасөз қызметінің мәліметінше, Теміровтің жазасы 2025 жылдың 5 шілдесінен бастап есептеледі. Дәл осы күні ол уақытша жарыстардан шеттетілген еді.

28 жастағы файтер өз кінәсін мойындап, дәріні дәрігердің тағайындауымен қабылдағанын айтқан. Ол препаратты тек қысқа уақыт ішінде пайдаланғанын дәлелдейтін құжаттарды да ұсынған.

Теміров кәсіби мансабында 22 жекпе-жек өткізіп, 19 рет жеңіске жеткен және небәрі үш рет жеңілген. Соңғы 11 кездесуінде қатарынан жеңіс тойын тойлаған.

Айта кетейік, Рамазан Теміров Абу-Дабиде өтетін турнирде қазақ файтері Асу Алмабаевпен кездесуі тиіс болған. Алайда допинг-тесттен өте алмай, жекпе-жек ұйымдастырылмады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары