Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақ боксшылары Дубайдағы әлем чемпионатына қатыспайды

Сарапшы, спорт журналисі
02.10.2025, 21:19

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) 2025 жылы Дубайда өтетін ерлер арасындағы әлем чемпионатына рекордтық жүлде қоры белгіледі. Дегенмен Қазақстанның басты чемпиондары бұл жарыстан тыс қалады. 

Қазақ боксшылары Дубайдағы әлем чемпионатына қатыспайды
Instagram/@boxingkazakhstan

Рекордтық жүлде қоры

IBA баспасөз қызметінің дерегінше, әр салмақтағы жеңімпаз 300 мың АҚШ долларын алады. Бұған дейін мұндай көлемдегі сыйақы бокс тарихында болмаған. Жалпы турнирдің жүлде қоры 8 миллион долларға детіп отыр. Бұл туралы Tengri Sport хабарлайды. 

«Әлемнің ең үздік боксшылары Дубайда чемпиондық атақ пен бай жүлде үшін айқасады. Әр жеңімпазға берілетін 300 мың доллар – спорт тарихындағы ең ірі сыйақы» – делінген IBA мәлімдемесінде.

Ұйым алдағы жылдары жүлде қорын одан әрі ұлғайтып, 2028 жылы чемпиондар 1 миллион доллар табыс таба алатынын мәлімдеді.

Неге екі әлем чемпионаты өтіп жатыр?

Қазір бокста екі бөлек ұйым – IBA және World Boxing өз чемпионаттарын өткізуде. Бұл жағдай Халықаралық Олимпиада комитеті IBA-ның лицензиясын қайтарып алғаннан кейін пайда болды.

2025 жылы екі ұйым бөлек әлем чемпионатын ұйымдастырады.

Бірқатар спортшы бір жылда екі мәрте әлем чемпионы атанды. Мәселен Алуа Балқыбекова мен Аида Әбікеева наурызда IBA, қыркүйекте World Boxing турнирінде жеңіске жетіп, қос әлем чемпионы болды.

Қазақстан құрамасының жағдайы

Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Рауан Игеневтің айтуынша, ұлттық құраманың көшбасшылары Дубайға бармайды.

«Біз бұл турнирде жас боксшыларға және резервтегі тәжірибелі спортшыларға мүмкіндік бергіміз келеді. Ал әлем чемпиондары – Махмұд пен Төрехан Сабырхан, Санжар Тәшкенбай мен Айбек Оралбай IBA турниріне қатыспайды», – деді ол.

Сондай-ақ, жаңа маусымнан бастап Қазақстан ішінде IBA турнирлерінің жүлделері мемлекеттік қолдауға ие болмауы мүмкін. Қазынадан тек World Boxing жарыстарындағы медальдерге қаржы бөлінеді.

Айта кетейік, World Boxing турнирлерінде IBA-дан айырмашылығы, ресми жүлде қоры қарастырылмаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір