
Жекпе-жек 22 қараша күні Дохада (Катар) UFC Fight Night турнирында өтетін болды.
Қазақстандық UFC жауынгері Бекзат Алмахан (12-2) 22 қараша күні Дохада (Катар) өтетін UFC Fight Night турнирінде испаниялық файтер Александр Топуриямен (6-1) кездеседі.
Жекпе-жек UFC-дің супер жеңіл салмақ дәрежесінде өтеді.
Алмахан өзінің соңғы жекпе-жегін мамыр айында Монреалда (Канада) өткен UFC 315 турнирінде өткізіп, бірінші раундта канадалық Брэд Катонуды (14-5) нокаутқа түсірген болатын.
Александр Топурия соңғы рет 2025 жылдың 22 ақпанында Австралияның Сидней қаласында өткен UFC 312 турнирінде жергілікті файтер Колби Тикнестен басым түскен болатын.
Айта кетейік, Александр Топурия — жеңіл салмақ дәрежесіндегі UFC чемпионы әрі P4P рейтингінде бірінші орында тұрған Илия Топурияның туған бауыры.