Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін желтоқсанда өткізеді: қарсылас бар

Сарапшы, спорт журналисі
03.10.2025, 09:47

Карлос Адамес Жәнібекпен биыл кездеспейтін сияқты.

Сүрет: ашық дереккөздерден
Реклама
Реклама

Қазақстандық WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) келесі жекпе-жегін кубалық WBA чемпионы Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 КО) өткізеді. Бұл туралы Boxingscene порталы жазды.

Мәліметке сәйкес, үш чемпиондық белбеу үшін өтетін бұл айқас Premier Boxing Champions (PBC) промоутерлік компаниясының желтоқсанға жоспарланған ақылы трансляциясы аясында ұйымдастырылмақ. Бұл кештің басты оқиғаларының бірі ретінде Жәнібек – Лара жекпе-жегімен қатар Айзек «Питбуль» Круз бен Ламонт Роучтың кездесуі де күтіледі.

Адамес белбеуін басқа қазақстандық боксшымен қорғайды

Бұған дейін Жәнібекке қарсы WBC белбеуінің иегері Карлос Адамес шығады деген ақпарат тараған еді. Екі боксшы бір жылдан астам уақыт әлеуметтік желілерде бір-бірін жекпе-жекке шақырып, түрлі уәж айтқанымен, шаршы алаңда жолдары түйіспеді. Нәтижесінде Адамес қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановқа қарсы міндетті жекпе-жегін өткізуге мәжбүр болып отыр.

Жәнібек Әлімханұлы соңғы кездесуін 2024 жылдың 5 сәуірінде Астанада өткізіп, француз Анауэль Нгамиссенгені нокаутқа түсірген.

  Эрисланди Лара рингке соңғы рет 2024 жылдың 14 қыркүйегінде Лас-Вегаста шығып, Сауль «Канело» Альварес пен Эдгар Берланга арасындағы кештің андеркартында бұрынғы екі дүркін әлем чемпионы Дэнни Гарсияны жеңген болатын.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары