Бұл жаңалық жанкүйерлер арасында қызу талқыға түсіп жатыр.
Қазақстандық ММА жұлдызы, Oktagon лигасының аса жеңіл салмақтағы чемпионы Жалғас Жұмагұлов чехиялық Давид Дворжакты ашық түрде жекпе-жекке шақырды.
Осы аптада Жумагулов өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында қарсыласын айқасқа шақырып, айқын мәлімдеме жасады:
«Келісімшартты үстелге қой. Күтумен шаршадық. Давид Дворжак қайда? Мен дайынмын!» – деп жазды қазақстандық файтер.
Жұмагұлов соңғы айқасында грузиялық спортшы Бено Адамияны сенімді түрде ұтып, Oktagon MMA чемпиондық белбеуін иеленген болатын. Бұл жеңіс оның мансабындағы ең ірі жетістіктердің бірі саналады.
Чехиялық Давид Дворжак «Могильщик» лақап атымен танымал. Еуропа аренасында өзін дәлелдеген тәжірибелі файтер. Егер бұл кездесу жүзеге асса, ол тек Қазақстан жанкүйерлері үшін емес, бүкіл халықаралық ММА қауымдастығы үшін де үлкен оқиға болмақ.