
Ол өзін тек жекпе-жек шебері емес, қазақстандық футболдың да «жасаушысы» деп жариялады.
Қазақстандық ММА шебері Қуат Хамитов өзіне тән өткір мәлімдемесімен тағы да спорт жанкүйерлерін таңғалдырды. Әлеуметтік желідегі жазбасында ол тек аралас жекпе-жек емес, қазақ футболына да үлес қостым деп сендірді.
Белгілі спортшы Instagram парақшасындағы пікірінде былай деп жазды:
«Мен тек қазақстандық ММА-ны ғана емес, қазақстандық футболды да жасадым!»
Бұл сөз желі қолданушылары арасында қызу талқыға себеп болды.
Хамитовтың бұл пікірі «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы ірі жеңілістерінен кейін айтылды.
Алматылық клуб жалпы кезеңнің алғашқы екі ойынында да ауыр соққы алды:
«Кайраттың» соңғы ойыны туралы Хамитов бұған дейін былай деп қалжыңдай пікір білдірген еді.
«Реалдың» басшылығы бізге қарсы жұлдыздарын әкелудің қажеті жоқ деп ойлаған сияқты. Өйткені олар бізді мектеп құрамымен де жеңе алар еді. Ал акулалар жүзіп жүрген жерде ұсақ балықтарға орын жоқ».
Айта кетейік, Қуат Хамитов аралас жекпе-жек шебері ретінде ғана емес, қазақ спортына қатысты өткір ойларымен де ел арасында танымал.