Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қуат Хамитовтың жекпе-жегі кейінге шегерілді

Сарапшы, спорт журналисі
10.11.2025, 23:25

Белгілі қазақстандық ММА жауынгері Қуат Хамитовтың ресейлік Алексей Махноға қарсы жоспарланған жекпе-жегі өтпейтін болды. 

instagram/@kuat_khamitov
Реклама
Реклама

Лига басшылығының түсініктемесі

Бұл туралы «Наш боец» порталы хабарлады. АСА лигасының вице-президенті Асланбек Бадаев жағдайды былай түсіндірді:

«Қуат Махноға шақыру тастады. Бірақ шарттар бойынша келісімге келе алмадық. Кейін ол ақпан айында — мерейтойлық турнирде ғана шығуға дайын екенін айтты. Бізде нақты дата мен қарсылас бар дедік: не шығасың, не басқа файтер іздейміз. Жаңа ұсыныс жасадық. Ол қарсыластар тізімін біледі», — деді Бадаев.

Бұған дейінгі жекпе-жек және шақыру

Еске салайық, Қуат Хамитов бұған дейін АСА лигасында сәтті дебют жасаған. Ол ACA 194 турнирінде ресейлік Анатолий Бойконы (12–5) төрешілер шешімімен жеңген еді.

Жеңістен кейін Хамитов Алексей Махноға тікелей октагонның ішінде-ақ ашық шақыру тастаған. Дегенмен келісім жүзеге аспай қалды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары