ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Артём Резников топ-лигада жекпе-жек өткізеді: уақыты белгілі

Қазақстандық ММА жауынгері Артём Резников белгілі ресейлік ACA лигасымен жаңа келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Penalty.kz «Вестник ММА» басылымына сілтеме жасап.

Артём Резников топ-лигада жекпе-жек өткізеді: уақыты белгілі
Артём Резников. Фото: ACA

Артёмның айтуынша, оның октагонға оралуы 8 ақпанға жоспарланған.

"Келісімшарт жіберілді, шарттары жақсы. Төрт жекпе-жекке арналған. Екі жыл — төрт жекпе-жек. Бірақ мен жыл сайын үш рет шыққым келеді, екі рет аз. Қазір салмағым да оңтайлы — 83 келі. Бұрын 87-88 кг болғанда, жылына үш рет жекпе-жек өткізу өте қиын еді. Енді еркін түрде жылына үш рет 70 кг салмаққа түсе аламын. Оның үстіне, қазір салмақ лимитіне 500 грамм қосылды — 71,3 кг. Сол қосымша 500 граммның өзі қатты сезіледі," — деді Резников.

— Біз жекпе-жек күнін білеміз — ACA 200, 8 ақпан. Бірақ қарсыластың есімі әлі жарияланған жоқ. Қашан хабарланады?

"Әзірге білмеймін, бұл шешімді Асланбек пен ACA қабылдайды. Магомед пен Асланбек – анонстарды қашан шығаратынын солар шешеді."

— Бұл жолы да бразилиялық беймәлім емес, тағы бір мықты кавказдық па?

"Иә. Жақсы, қызықты жекпе-жек болады. Бұл да сөйлей білетін, сәл батылдау кавказдық. Жекпе-жекті қыздыруға болатын қарсылас," — деді Артём.

Еске сала кетсек, Артём Резниковтың соңғы жекпе-жегі қыркүйекте Алматыда өткен ACA 192 турнирінде өтті. Онда ол үшінші раундта техникалық нокаутпен бразилиялық Рауш Манфионы жеңген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.