Америкалық боксшы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді
АҚШ боксшысы, бірінші орта салмақ дәрежесіндегі үміткер Хесус Рамос мәлімдеме жасады.
АҚШ боксшысы, бірінші орта салмақ дәрежесіндегі үміткер Хесус Рамос (23-1, 19 КО) қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) мен кубалық Эрисланди Лараның (31-3-3, 19 КО) кездесуінің жеңімпазымен жұдырықтасуға ниетті екенін мәлімдеді.

Рамостың айтуынша, бұл жекпе-жек оның мансабындағы ең қалаулы үш айқастың қатарына кіреді. 6 желтоқсан күні Сан-Антониода америкалық боксшы Шейн Мозлимен (22-4, 12 КО) шаршы алаңға шығады. Егер ол жеңіске жетсе, тек ірі есімдерге қарсы айқасуды мақсат етіп отыр.
«6 желтоқсаннан кейін мен Карлос Адамеспен кездесіп, әлем чемпионы атағын иеленгім келеді. Бұл – менің басты мақсатым. Ал арманымдағы жекпе-жек – Вёрджил Ортиспен айқасу. Бұл Баррера мен Моралес арасындағы классикалық текетірестің заманауи нұсқасы болар еді. Тіпті трилогия жасауға да болады», - деді Рамос The SchuZ Show подкастында.
Сондай-ақ ол ең қалаулы үш қарсыласын атады:
- Теренс Кроуфорд — «Жақында ірі жеңіске жетті, сондықтан оның есімі менің тізімімнің басында».
- Вёрджил Ортис — «Онымен айқас – нағыз жанкүйерлер күтетін шайқас».
- Жәнібек Әлімханұлы – Эрисланди Лара жекпе-жегінің жеңімпазы — «Орта салмақта абсолют болуға мүмкіндік беретін қарсылас».
Осылайша, Хесус Рамос өз амбициясын ашық білдіріп, болашақта қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасуға дайын екенін көрсетті.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.