Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Ресми: Карлос Адамес титулын Остин Уильямсқа қарсы қорғайды

Сарапшы, спорт журналисі
27.12.2025, 12:42

WBC тұжырымының міндетті үміткері Мейірім Нұрсұлтанов қайтадан титулдық жекпе-жектен құр қалып отыр.

Карлос Адамес. Фото: Getty Images
Реклама
Реклама

Доминиканалық боксшы Карлос Адамес (24-1-1, 18 КО) орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын америкалық Остин Уильямсқа (19-1, 13 КО) қарсы жекпе-жекте қорғайды.

Бұл кездесу Теофимо Лопес — Шакур Стивенсон арасындағы бокс кешінің андеркардында өтеді. Жекпе-жек 31 қаңтарда Нью-Йорк қаласындағы «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында ұйымдастырылады. Қазақстан уақыты бойынша бокс кеші 1 ақпан күні таңертең басталады.

Шараның ұйымдастырушыларының бірі Турки Аль аш-Шейх жекпе-жектердің толық тізімін жариялап, оның ішінде Адамес — Уильямс кездесуі де бар екенін растады.

Айта кетейік, бұған дейін WBC ұйымы Карлос Адамеске қазақстандық үміткер Мейирим Нұрсұлтановпен (20-0, 11 КО) міндетті түрде титул қорғау жекпе-жегін өткізуді тапсырған болатын. Нұрсұлтанов бұл чемпиондық мүмкіндікке 2023 жылдан бері үміткер болып келеді, алайда сол уақыттан бері бірде-бір жекпе-жек өткізген жоқ.

Сонымен қатар, Карлос Адамес орта салмақтағы IBF және WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 КО) ықтимал қарсыласы ретінде де қарастырылған еді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары