Реклама
Реклама

Қуат Хамитов Батумидегі турнирде бразилиялықты төрешілер шешімімен ұтты

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 11:38

Батуми (Грузия) қаласында өткен GFC 36 x GBC 4 аралас жекпе-жек кешінде қазақстандық файтер Қуат Хамитов бразилиялық Алан Силвамен кездесіп, жекпе-жекті бір ауыздан қабылданған төрешілер шешімімен өз пайдасына аяқтады.

instagram/@gfc_georgia

Жекпе-жек қалай өтті?

Кездесу жартылай орта салмақта ұйымдастырылып, үш раундқа жоспарланған. Айқас толық дистанцияға созылды. Нәтижесінде төрешілер Хамитовтың басымдығын мойындады. 

Осылайша Қуат кәсіби мансабындағы 28-ші жеңісіне жетті. Ал Силва профидегі 12-ші рет жеңіліс тапты.

Бұл — Қуат Хамитовтың ММА ережесі бойынша былтыр қазан айынан бергі алғашқы жекпе-жегі. Ол кезде ресейлік файтер Анатолий Бойконы (12-5) да төрешілердің бір ауыздан шешімімен ұтқан.

Ал Алан Силва соңғы рет желтоқсанда октагонға шыққан. Сол кездесуде екінші раундта отандасы Моасир Рошуды (14-10-1) жеңіп, сабмишнмен аяқтаған.

Қуат Хамитов: “Жарақатпен шықтым… енді “Шара Буллетке” шақыру тастаймын”

Жекпе-жектен кейін Қуат Хамитов эмоциясын жасырмай, өзінің айқасқа жарақатпен шыққанын айтты және UFC-де өнер көрсетіп жүрген “Шара Буллетке” (Шарабутдин Магомедов) ашық түрде үндеу жасады.

Хамитовтың айтуынша, ол жекпе-жекке бір күн қалғанда жүріп-тұрудың өзі қиын болған. Соған қарамастан қазақстандық файтер октагонда толық үш раунд өткізіп, жеңісті жұлып алды.

Реклама
Реклама