Қостанайда Naiza 81 турнирінде әйелдер арасындағы ММА жекпе-жегінде қазақстандық Әйгерім Төреханова (4-3) қытайлық Гүлсайран Азатпен (1-0) октагонға шықты.
Жекпе-жек ең жеңіл салмақ дәрежесінде өтіп, үш раундқа жоспарланғанымен толық қашықтыққа жеткен жоқ.
Алғашқы минуттарынан-ақ Төреханова қарсыласын қыспаққа алып, соққы серияларын үдете түсті. Трансляция комментаторы эпизодтардың бірінде жағдайды былай сипаттады:
"Азат көзін жұмып қана қорғанып тұр, Төреханованың соққысынан басы ұшып кетердей..."
Әйгерімнің агрессиясы мен дәл соққылары Қытай спортшысына тыныс бермеді.
Бірінші раундтың өзінде Төреханова партерде тиімді позиция алып, тұншықтыру әдісін сәтті орындады. Нәтижесінде қазақстандық спортшы мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Осылайша Әйгерім Тореханова кәсіби ММА мансабындағы бесінші жеңісін тіркеді. Ал Гүлсайран Азат карьерасындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.