Реклама
Реклама

Қазақстанда туған гүрзі жұдырықты қарсыласын нокаутпен тоқтатты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
15.02.2026, 20:41

Германияның Гейдельберг қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде Қазақстанда дүниеге келген, әлі жеңіліп көрмеген ауыр салмақ өкілі Александр Франк (26-0-1, 23 KO) кезекті жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтады. 

instagram/@team_frank_boxing_e.v

Жекпе-жек қалай өтті?

40 жастағы Франк рингте Венесуэла боксшысы Луис Хосе Марин Гарсиямен (17-11-1, 14 KO) жұдырықтасты. Кездесу 8 раундқа жоспарланғанымен, айқас толық дистанцияға жеткен жоқ.

Бірінші минуттардан-ақ Франк рингті толық бақылауға алып, әр эпизодта басымдық танытты. Қарсыласын қыспаққа алған неміс туы астында өнер көрсететін боксшы қарқынын бір сәт те түсірмеді.

4-раундтағы шешуші сәт: қарсылас бұрышы жекпе-жекті тоқтатты

Шарықтау шегі төртінші раундта болды. Венесуэлалық боксшы көп соққы алып, жағдайы нашарлаған соң оның бұрышы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осылайша, Александр Франк техникалық нокаутпен (ТКО) жеңіске жетті.

Нәтижесінде ол мансабындағы 26-шы жеңісін тіркеп, жеңілмеген боксшы статусын сақтап қалды.

Айта кетейік, Александр Франк Семейде дүниеге келген. Ол Германия атынан жұдырықтасқанымен сұхбаттарында жиі қазақстандық тамырын ерекше атап өтеді.

Франк кәсіби мансабында ауыр салмақта бірқатар титулды иеленген:

  • UBO
  • WBU
  • WBCA
Реклама
Реклама