Кәсіпқой бокстағы дебютін сәтті өткізген 2024 жылғы Азия чемпионы наурызда шаршы алаңға шығады.
Қазақстандық боксшы, 2024 жылғы Азия чемпионы Елнұр Сүйінбай кәсіпқой бокстағы екінші айқасын өткізбек. Жекпе-жектің қашан және қайда өтетіні белгілі. Бұл туралы RD Promotion промоутерлік компаниясы хабарлады.
Елнұр Сүйінбай (1-0, 0 KO) шаршы алаңға 28 наурыз күні Тараз қаласында шығады.
Қазіргі уақытта қарсыласының есімі ресми түрде жарияланған жоқ. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта жекпе-жек картасы толық таныстырылатынын мәлімдеді.
Елнұр Сүйінбай кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін 2025 жылдың шілде айында Алматыда өткізді. Сол кезде қырғызстандық Жарқынбек Жақыпбек уулуын (1-6, 1 KO) төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіп, кәсіби мансабын сәтті бастаған еді.