Странджа кубогы-2026: Қазақстан боксшылар құрамын жария етті

Сарапшы, спорт журналисі

"Кіші әлем чемпионаты" биыл Болгария астанасы Софияда өтеді.

Странджа кубогы-2026: Қазақстан боксшылар құрамын жария етті
ҚБФ

Бокстан Қазақстанның ерлер және әйелдер бокс құрамалары Болгария астанасы Софияда өтетін ірі "Странджа кубогы" турниріне қатысады. Бұл дода "кіші әлем чемпионаты" деп те аталады.

Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, ел атынан турнирге 39 былғары қолғап шебері барады. Кейбір салмақ дәрежелерінде Қазақстан құрамасынан бірден үш боксшы жүлде үшін таласады.

Толық құрам белгілі

"Странджа кубогы-2026" турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының толық құрамы төмендегідей:

Әйелдер

  • 48 кг: Айгерім Сәттібаева, Анель Құдайберген;
  • 51 кг: Жазира Орақбаева, Анита Адишева;
  • 54 кг: Элина Базарова, Жайна Шекербекова, Анель Сақыш;
  • 57 кг: Ұлжан Сәрсенбек, Айдана Забынбекова;
  • 60 кг: Виктория Графеева, Римма Волосенко;
  • 65 кг: Лаура Есенкелді, Аружан Жаңабаева;
  • 70 кг: Бақыт Сейдіш, Мадина Нұршаева;
  • 75 кг: Валентина Хальзова, Мария Сидоренко;
  • 80 кг: Надежда Рябец;
  • 80+ кг: Дина Исламбекова, Валерия Аксенова;

Ерлер

  • 50 кг: Даниял Сәбит, Бекзат Алдамжаров;
  • 55 кг: Тимур Қабдешов, Бағлан Кенжебек;
  • 60 кг: Бейбарыс Жексен, Руслан Күзеубаев;
  • 65 кг: Ертуған Зейнуллинов, Әбдікәрім Әбдіғалім, Илья Калинин;
  • 70 кг: Фарух Тоқтасынов, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы;
  • 80 кг: Санжарәлі Бегалиев, Диас Молжігітов;
  • 85 кг: Сұлтанбек Айбарұлы, Бекзат Таңатар, Дәулет Төлемісов;
  • 90 кг: Нұрмағамед Юсупов;
  • 90+ кг: Нұрлан Сапарбай, Даниал Сапарбай;

Еуропадағы ең көне бокс турнирі саналатын "Странджа кубогы" 23 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтеді. 2026 жылы бұл жарыс 77-рет өткелі жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір