Елнұр Сүйінбайдың айқасы: Қашан және қайда өтеді?

Сарапшы, спорт журналисі

Кәсіпқой бокстағы дебютін сәтті өткізген 2024 жылғы Азия чемпионы наурызда шаршы алаңға шығады. 

Қазақстандық боксшы, 2024 жылғы Азия чемпионы Елнұр Сүйінбай кәсіпқой бокстағы екінші айқасын өткізбек. Жекпе-жектің қашан және қайда өтетіні белгілі. Бұл туралы RD Promotion промоутерлік компаниясы хабарлады.

Жекпе-жек қашан өтеді?

Елнұр Сүйінбай (1-0, 0 KO) шаршы алаңға 28 наурыз күні Тараз қаласында шығады.

Қазіргі уақытта қарсыласының есімі ресми түрде жарияланған жоқ. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта жекпе-жек картасы толық таныстырылатынын мәлімдеді.

Елнұр Сүйінбай кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін 2025 жылдың шілде айында Алматыда өткізді. Сол кезде қырғызстандық Жарқынбек Жақыпбек уулуын (1-6, 1 KO) төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіп, кәсіби мансабын сәтті бастаған еді. 

Елнұр Сүйінбайдің жетістіктері

  • 2024 жылы Астанада өткен Азия чемпионатында (U22) алтын медаль иеленді
  • 2021 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір