Ағайынды Сабырхандар Головкиннің экс-жаттықтырушысымен дайындыққа кірісті

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан құрамасының көшбасшылары Махмұд пен Төрехан Сабырхан алдағы жарыстарға дайындығын жалғастырып жатыр. 

Ағайынды Сабырхандар Головкиннің экс-жаттықтырушысымен дайындыққа кірісті
instagram/@sabyrkhan_makhmud

Төрехан әлеуметтік желіде кадр жариялады

World Boxing нұсқасы бойынша әлем чемпионы Төрехан Сабырхан әлеуметтік желідегі парақшасында ортақ фото бөлісті. Суреттен Махмұд пен Төрехан Сабырханнан бөлек, АҚШ-тың танымал физикалық дайындық жаттықтырушылары — Кристофер мен Дарио Камачо бауырларын көруге болады.

Камачо бауырлары кімдермен жұмыс істеген?

Камачо бауырлары бұған дейін бокста да, ММА-да да аты аңызға айналған спортшылармен бірге еңбек еткен. Олардың тәжірибесінде Геннадий Головкин және Хабиб Нурмагомедов сияқты жұлдыздармен жұмыс барысы бар.

Айта кетейік, АҚШ мамандары 2025 жылы World Boxing әлем чемпионатына Қазақстан құрамасын дайындауға атсалысқан. Сол додада қазақстандық боксшылар Өзбекстанды артқа тастап, жалпыкомандалық есепте бірінші орын алған. 

2026 жылды жеңіспен бастады

Махмұд пен Төрехан Сабырхан 2026 жылды табысты бастады. Олар ақпан айының басында олар Қазақстан құрамасының сапында Испанияның Ла-Нусия қаласында Boxam Elite-2026 халықаралық турнирінде алтын медаль иеленді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір