Өзбекстанның ерлер және әйелдер құрамасы Софияда өтетін беделді халықаралық "Странджа кубогы" турниріне қатысатын боксшылар тізімін бекітті. Команда сапында әлем және Азия чемпиондары, ірі жарыстардың жүлдегерлері бар.
Өзбекстан намысын қорғайтын көшбасшылар қатарында Фазлиддин Эркинбоев, Турабек Хабибуллаев, Джавохир Умматалиев, Фарзона Фозилова, Сабина Бобокулова және өзге де үздік боксшылар бар.
Өзбекстан құрамасының құрамы: ерлер
Өзбекстан құрамасының құрамы: әйелдер
Еуропадағы ең көне бокс турнирлерінің бірі саналатын “Странджа кубогы” 23 ақпан – 1 наурыз аралығында өтеді. 2026 жылы бұл жарыс 77-рет өтпек. Бұған дейін Қазақстан құрамасы да аталмыш турнирге қатысатын боксшыларын жариялаған.