Қарағандыда 18 жастағы спортшы ауыр бас-ми жарақатын алып, комаға түсті. Оқиғадан кейін полиция қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап, мән-жайды анықтап жатыр.
Жас спортшының туысы әлеуметтік желідегі Threads платформасында жағдайдың мән-жайын баяндаған. Оның айтуынша, Қарағандыда 2026 жылғы 14–15 ақпанда ережесіз жекпе-жек форматындағы турнир өткен.
Алғашқы күні Арслан есімді спортшы екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен. Келесі күні қарсыласы тыйым салынған әдіс қолданып, спортшыны басымен төмен лақтырып жіберген.
Туысының сөзінше, соққыдан кейін Арслан әрең тұрған, басын ұстап, бағдарынан жаңылып қалған. Соған қарамастан жекпе-жек тоқтатылмаған.
Жекпе-жектің екінші раунды аяқталғаннан кейін спортшы кенеттен есі ауып, құлап, кейін тынысы қиындап, тура рингтің үстінде комаға түскені хабарланды. Оқиға сәті видеоға түсіп, желіде жарияланғаны да айтылған.
Ауруханада спортшыға бірнеше ауыр диагноз қойылғаны көрсетілген:
Дереккөз мәліметінше, оған шұғыл операция жасалған, ал қазіргі жағдайы өте ауыр күйінде қалып отыр.
Қарағанды облыстық ПД мәліметінше, бұл дерек бойынша ҚР ҚК 114-бабы (“Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру”) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.