Қазақстан құрамасы Геннадий Головкиннің экс-жаттықтырушысымен жұмысты бастады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық боксшы, екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай әлеуметтік желідегі парақшасында ұлттық құраманың жаттығу барысынан видео жариялады. Жазбада Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиынындағы дайындық процесі көрсетілген.

Қазақстан құрамасы Геннадий Головкиннің экс-жаттықтырушысымен жұмысты бастады (ВИДЕО)
sports.kz

Жаттығуда кімдер көрінді?

Тәшкенбай жариялаған роликте ұлттық команданың бірқатар көшбасшы былғары қолғап шеберлері кадрға түскен. Атап айтқанда, видеодан Нұрбек Оралбай, Махмұд Сабырхан, Сабыржан Аққалықов және өзге де боксшыларды байқауға болады.

Видеодағы ерекше детальдардың бірі — америкалық физикалық дайындық бойынша бапкер Кристофер Камачоның көрінуі. Ол бұған дейін аңыз боксшы Геннадий Головкинмен, сондай-ақ UFC Даңқ залындағы Хабиб Нурмагомедовпен жұмыс істеген маман.

Камачо бауырлары Қазақстан боксымен бұрын да жұмыс істеген

Кристофер мен Дарио Камачо 2025 жылы World Boxing ұйымдастырған әлем чемпионатына дайындық барысында қазақстандық боксшылармен бірге еңбек еткен. Сол додада Қазақстан құрамасы медальдық есепте көш бастаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір