Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының (ҚКБФ) президенті Рақымжан Ерденбеков WBO және IBF тұжырымдамалары аясында чемпион атанып жүрген Жәнібек Әлімханұлының допинг ісі бойынша тексерістің ресми нәтижесін жариялады.
ҚКБФ мәліметінше, тәртіптік комиссияның отырысы 2026 жылғы 18 ақпанда өткен. Ал 21 ақпанда федерация тергеудің аяқталғанын ресми түрде хабарлады.
Тексеру барысында комиссия боксшының сынамасынан анықталған мельдоний (тыйым салынған зат) жағдайын зерттеп, оның шұғыл медициналық көмек көрсету қажеттілігіне байланысты қолданылғанын, спорттық басымдық алу мақсаты болмағанын айқындаған.
Жәнібек Әлімханұлының әрекеті әдейі емес немқұрайлылық ретінде бағаланған.
Халықаралық антидопинг стандарттарына сай федерация төмендегі шешімдерді бекіткен:
Федерация іс материалдары мен комиссия есептерін халықаралық ұйымдарға жолдағанын хабарлады. Атап айтқанда WBO, IBF, Top Rank, VADA.
ҚКБФ мәлімдемесінде қазір WBO ҚКБФ комиссиясының қорытындыларына сүйене отырып шешім қабылдағаны айтылған. Бұл — жүргізілген тексерістің объективтілігін және қазақстандық федерация жұмысына халықаралық деңгейдегі сенімді көрсететін фактор ретінде бағаланған.
Сондай-ақ федерация IBF тарапынан да ұқсас шешім күтіп отырғанын, байланыс үзілмегенін атап өтті.
Еске салайық, 2025 жылдың желтоқсанында орта салмақта үш әлемдік титулды біріктіруге жоспарланған жекпе-жек қарсаңында Жәнібек Әлімханұлының қанынан мельдоний табылып, кубалық Эрисланди Лараға қарсы айқас тоқтатылған еді. Кейін B сынамасы да дәл сол нәтижені көрсеткен.
WBO бүгін қазақстандық боксшыны бір жылға ресми түрде шеттетіп, сонымен бірге әлем чемпионы титулын өзінде қалдырған.