Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының оқу-жаттығу жиыны халықаралық сипатқа ие болды. Азия чемпионатына дайындық аясында команда сапына Ресей және Еуропаның бірнеше елінен боксшылар қосылды.
Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин команданың 2026 жылғы Азия чемпионатына дайындығы қалай жүріп жатқанын айтты. Құрлық біріншілігі Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтеді.
Бапкердің сөзінше, қазір команда Алматы облысында кезекті оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Бұл кезең Азия чемпионаты алдындағы соңғы дайындық саналады.
“Біз Алматы облысында кезекті оқу-жаттығу жиынын бастап кеттік. Бұл — Моңғолияда өтетін Азия чемпионаты алдындағы соңғы дайындық кезеңі. Бұл жолы бізге Ресей, Түркия, Германия, Швеция және Швейцария елдерінің боксшылары қосылды. Жоспарда нәтижелі бірлескен жаттығулар өткізу бар. Алда әйелдер құрамасын Азия чемпионаты, Финляндиядағы халықаралық турнир және Әлем кубогының алғашқы кезеңі күтіп тұр”, — деді Елдос Сайдалин.
Бұл жиынның басты ерекшелігі — халықаралық құрам. Қазақстандық боксшылармен бірге мына елдердің өкілдері дайындыққа қатысуда:
Осылайша Қазақстан тарапы Азия чемпионаты қарсаңында тәжірибе алмасуға басымдық беріп, түрлі мектеп өкілдерін ортақ жаттығу алаңына біріктіріп отыр.
Қазақстан әйелдер құрамасын алдағы айларда бірнеше маңызды халықаралық сын күтіп тұр. Олардың қатарында:
Бұл жарыстар ұлттық құраманың жаңа маусымдағы деңгейін айқындайтын басты додалар болмақ.
Қазақстан әйелдер құрамасының соңғы халықаралық жарысы Софияда (Болгария) өткен Strandja Cup 2026 турнирі болды. Байрақты бәсеке 23 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтті.
Аталған турнир қорытындысында Елдос Сайдалиннің шәкірттері жеті медаль жеңіп алды:
Осы нәтижемен Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады. Бірінші орын Өзбекстан құрамасына бұйырды.