Сәкен Бибосынов алғаш рет титул үшін төбелеседі

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегін өткізеді. Бұл жолғы айқас оның кәсіби мансабындағы алғашқы титулдық кездесу болмақ.

Сәкен Бибосынов алғаш рет титул үшін төбелеседі
instagram/@sakenbibosinov

WBA Asia белбеуі үшін кіммен жұдырықтасады?

Екі дүркін әлем чемпионы және Токио-2020 Олимпиадасының жүлдегері Сәкен Бибосыновтың келесі қарсыласы индонезиялық Сурия Дхарма болады. Қарсыластың рекорды — 4 жеңіс, 0 жеңіліс, 3 нокаут.

Бұл жекпе-жекте боксшылар WBA Asia титулын сарапқа салады. Кездесу 17 сәуір күні Бішкекте өтеді.

Бибосыновтың мәлімдемесі

Қазақстандық боксшы алдағы маңызды айқасқа дайын екенін айтты.

“Мен титулдық жекпе-жекке дайынмын. Алғаш рет өзімді он раундтық кездесуде сынап көремін. Қарсыласым өте мықты”, — деді Сәкен Бибосынов.

Сәкен Бибосыновтың кәсіпқой бокстағы жолы

Сәкен Бибосынов кәсіпқой рингтегі дебютін 2025 жылғы 20 шілдеде Бішкекте өткізді. Ол алғашқы кездесуінде филиппиндік Кристиан Леганені бірінші раундта-ақ нокаутпен ұтқан еді. Қазақ боксшысы қарсыласының дене тұсына жойқын әрі дәл соққы жасап, айқын басымдық танытты.

Екінші жекпе-жегі де Қырғызстан астанасында өтті. Бұл жолы Бибосынов жергілікті боксшы Адилет Қачкынбековпен қолғап түйістіріп, толық қашықтыққа созылған айқаста төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір