Қазақстан дзюдошылары Еуропада бес медаль жеңіп алды
Командалық есепте Қазақстан құрамасы үздік бестіктің қатарына енді.
Offside.kz
Польша астанасы Варшавада өткен European Open халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетті. Отандастарымыз бір алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бесінші орынға тұрақтады.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалдық белдесуде екі қазақстандық дзюдошы — Сұңғат Нұрлатұлы мен Тоқтар Үмітәлиев кездесіп, турнирдің басты жүлдесін сарапқа салды.
Шешуші белдесуде Тоқтар Умуталиев қарсыласынан басым түсіп, турнирдің алтын медалін жеңіп алды. Ал Сұңғат Нұрлатұлы күміс жүлдеге ие болды.
Варшавадағы жарыста тағы үш қазақстандық спортшы қола жүлдеге қол жеткізді:
- Асылхан Зинуллин — 60 кг
- Камила Берліқаш — +78 кг
- Айбол Нысаналы — 90 кг
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet