Екі жылға шеттетілген қазақ боксшысына күтпеген жерден жаңа айқас берілді

Сарапшы, спорт журналисі

Бұған дейін өзбекстандық қарсыласын техникалық нокаутпен жеңген боксшы енді қайтадан шаршы алаңға оралмақ.

Екі жылға шеттетілген қазақ боксшысына күтпеген жерден жаңа айқас берілді
instagram/@bekbauovdulat

Рингке қашан шығады?

Дулат Бекбауов (2-0, 2 KO) кәсіпқой бокстағы кезекті айқасын 28 наурыз күні Таразда өткізеді. Қазір қарсыласының есімі әлі ресми түрде жарияланған жоқ.

Бұл кездесу Бекбауовтың кәсіпқой мансабындағы үшінші жекпе-жегі болмақ.

Дулат Бекбауов соңғы рет 2025 жылғы 20 желтоқсанда Алматыда рингке шыққан. Сол кездесуде өзбекстандық Хасанбой Мирзахамраевты (3-7, 2 KO) техникалық нокаутпен жеңіп, кәсіпқой бокстағы жеңіс сериясын жалғастырған.

Бекбауов не үшін дисквалификация алды?

Былтыр желтоқсанда Дулат Бекбауовқа антидопинг ережелерін бұзғаны үшін екі жылдық дисквалификация берілгені ресми түрде жарияланған.

Ол IBA ADR ережесінің 2.4-бабы бойынша антидопинг талаптарын бұзды деп танылды. Нақтырақ айтқанда, боксшы 12 ай ішінде тұрған жері туралы мәліметке байланысты үш мәрте талап бұзушылыққа жол берген.

Алайда бұл шектеу тек әуесқой боксқа қатысты екені айтылды. Демек, Бекбауов кәсіпқой рингте өнер көрсетуін жалғастыра алады.

Дулат Бекбауов — Қазақстан боксындағы танымал спортшылардың бірі. Оның еншісінде ірі халықаралық жарыстардағы маңызды жетістіктер бар:

  • 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері
  • 2022 жылғы Азия чемпионы
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір