Азия чемпионаты: Бүгін екі боксшымыз жұдырықтасады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 09:02

Жарыстың алғашқы күні рингке Жазира Орақбаева мен Элина Базарова шығады. 

NUR.KZ

Бүгін, 30 наурыз күні, Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатындағы  алғашқы жекпе-жектерін өткізеді.

Қазақстан атынан кімдер шығады?

Жарыстың алғашқы күні рингке Қазақстан әйелдер құрамасының екі өкілі шығады:

  • Жазира Орақбаева (51 кг)
  • Элина Базарова (54 кг)

Жекпе-жектер кестесі

30 наурызға жоспарланған кездесулер:

  • 51 кг: Жазира Орақбаева — Кум Бёль Ан (КХДР) — 3-жұп
  • 54 кг: Элина Базарова — Прити (Үндістан) — 6-жұп

Жекпе-жектер өтетін сессияның басталуы — Астана уақытымен 09:00-де. 

Турнир туралы

Азия чемпионаты-2026 Ұлан-Батырда (Моңғолия) өтеді. Ол 10 сәуірге дейін жалғасады. Қазақстан құрамасы бұл турнирде 20 боксшымен (10 ер, 10 әйел) қатысып жатыр. 

Реклама
Реклама