Қазақстандық файтер Ресейдегі нокауттан соң мәлімдеме жасады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 13:25

Қаныш Сейдазым жекпе-жектің қалай өткенін айтып берді.

Meta-ratings.kz

Қазақстандық файтер Қаныш "Кона" Сейдазым Санкт-Петербургте өткен IBA Bare Knuckle 4 турниріндегі жарқын жеңісінен кейін өз ойын бөлісті.

Нокаутпен аяқталған жекпе-жек

Жекпе-жек 28 наурыз күні Санкт-Петербургтегі KSK ARENA-да өткен болатын. Сейдазым ресейлік Игорь Димовқа қарсы шықты. 26 жастағы отандасымыз қарсыласын алдымен нокдаунға түсірді. Кейін толықтай басымдық танытып, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

Қазақстандық файтердің айтуынша, ол бұл кездесуге тек екі күн бұрын келісім берген. Бастапқы қарсылас — испаниялық Дельгадоны алмастырған. 

"Мен бұл жекпе-жекке арнайы дайындалған жоқпын. Бірақ өзіме сенімді болдым. Мұндай үлкен турнирде өнер көрсету мүмкіндігін жібергім келмеді", — деді Сейдазым.

Бір айта кетерлігі, Қаныш Сейдазым бұл кездесуде өзіне үйреншікті жеңіл салмақта емес, жартылай орта салмақта жұдырықтасты. 

"Салмақ қумадым, бірақ соққы күшімді сақтап қалдым. Қарсылас рингте күткеннен ірі көрінді. Бірақ бұл мені қорқытқан жоқ", — деді ол.

Еске сала кетейік, бұл кеште UFC аңыздары Йоэль Ромеро мен Джон Джонс болды.

Реклама
Реклама