Дмитрий Бивол: "Барлық жетістігім Головкиннің арқасы"

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 14:28

Әлем чемпионы қазақстандық боксшының өзіне үлгі болғанын ашық айтты.

Sportbox.ru

Жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Дмитрий Бивол қазақстандық аңыз боксшы Геннадий Головкинмен алғаш рет бетпе-бет кездесіп, оның өз мансабына үлкен әсер еткенін мойындады. Бұл туралы ол Григорий Дрозд YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты. 

Алғашқы кездесу: Ring Awards рәсімінде

Бивол мен Головкин алғаш рет ресми түрде Ring Awards марапаттау кешінде жүздесті. Бұған дейін олар сырттай таныс болғанымен, дәл осы шарада алғаш рет тікелей сөйлесуге мүмкіндік туған.

"Бұған дейін Геннадийді сырттай білетінмін. Бұл жолы алғаш рет көзбе-көз кездестік. Сәлемдесіп, әңгімелестік. Оған деген құрметім өте жоғары. Мен де белгілі бір деңгейде оның жекпе-жектерін көріп өстім. Көп жағдайда өз карьерамды құруда Головкинді үлгі еттім", — деді Бивол.

Головкиннің ықпалы

Ресейлік чемпион Головкиннің тек рингтегі өнері емес, мінезі мен тәртібі де оған үлкен мотивация бергенін атап өтті.

"Ол посткеңестік елдердің боксшылары да әлемдік деңгейде жұлдыз бола алатынын дәлелдеді. Оның жеңістері, стилі, мінезі — бәрі шабыт берді. Онымен тілдескенім — мен үшін үлкен әсер қалдырды", — деді Бивол.

Дмитрий Бивол — кәсіби бокстағы ең табысты спортшылардың бірі:

  • Жартылай ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы (2025);
  • WBA-Super, IBF, IBO, WBO және The Ring титулдарының иегері;
  • Универсиада жүлдегері (2013);
  • Әлемдік жекпе-жек ойындарының чемпионы (2013).

Еске сала кетейік, ол кәсіби мансабын 2014 жылы бастаған. 

Реклама
Реклама