Махмұд Сабырхан өзбек боксшысына қарсы камбэк жасады (ВИДЕО)
Махмұд Сабырхан Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда өтіп жатқан World Boxing ұйымының Азия чемпионатында жарқын жеңіске жетті.
Жартылай финалға шықты
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз ширек финалда өзбекстандық Шахзод Музаффаровпен қолғап түйістірді. Үш раундқа созылған тартысты кездесудің қорытындысында төрешілер шешімімен Сабырхан 3:2 есебімен басым түсті.
Осылайша Махмұд жарыстың жартылай финалына жолдама алып, кем дегенде қола жүлдеге қол созды. Ал өзбекстандық боксшы турнирді жүлдесіз аяқтады.
Сабырханның жетістігі аз емес
Айта кетейік, Махмұд Сабырхан — қазақ боксының ең жарқын өкілдерінің бірі. Ол:
- екі дүркін әлем чемпионы;
- 2023 жылы IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы;
- 2025 жылы World Boxing аясында әлем чемпионы;
- 2024 жылғы Азия чемпионы атанған.
Ұлан-Батырдағы World Boxing Азия чемпионаты 10 сәуірге дейін жалғасады.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.