Ағайынды Сабырхандарға лайық қарсылас табылды

Сарапшы, спорт журналисі

Британиялық сарапшы Мэтт Робинсон Ресей құрамасы әлемдік боксқа қайта оралғаннан кейін 55 және 70 келі салмақ дәрежелеріндегі бәсекеге баға беріп, Махмұд пен Төрехан Сабырханға ықтимал қарсыластарды атады.

Ағайынды Сабырхандарға лайық қарсылас табылды
instagram/@sabyrkhan_makhmud

Мшеберболашағынан үміт күттіретін қа кім қарсылас болуы мүмкін?

Сарапшының сөзінше, Ресей құрамасында қазір 55 келіде ерекше көзге түсіп жүрген жас боксшы бар. Ол — 20 жастағы Вячеслав Рогозин.

Рогозин жастар арасындағы жарыстарда қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып жүрген өте қарымды боксшы. Тіпті сарапшы оны былтыр Дубайда ересектер арасындағы әлем чемпионатында алтын жүлдеден қағылған деп есептейді. Оның пікірінше, Сәкен Бибосыновқа қарсы кездесуде жеңіс Рогозинге берілуі керек болған.

Сонымен қатар бұл дивизионда Пэтси Джойс пен Алькантара секілді боксшылар да қызықты қарсылас бола алатынын айтты. Бірақ сарапшы ең көп күтетін кездесу ретінде Максим Самолюк пен Рогозин арасындағы ықтимал айқасты атады. Оның сөзінше, мұндай жекпе-жек нағыз бокс кешінің сәнін келтірер еді.

70 келіде басты фаворит — Төрехан Сабырхан

Мэтт Робинсон 70 келіде көпшіліктің басты фаворит ретінде Төрехан Сабырханды көретінін айтты. Сонымен бірге бұл салмақта Абылайхан Жүсіповтің де есімі міндетті түрде аталуы тиіс екенін атап өтті. Робинсонның айтуынша, Төрехан Сабырханға қарсы көруге тұрарлық үш боксшы бар.

Олар Абылайхан Жүсіпов — жоғары деңгейдегі бәсекелі айқас не спарринг үшін, иорданиялық Ишаш — мінезі қатты, төзімді боксшы және болашағынан үміт күттіретін ресейлік Сергей Колденков. 

Төрехан Сабырхан мен Сергей Колденков айқасы неге қызық?

Британиялық сарапшы Сергей Колденковке ерекше жоғары баға берді. Оның айтуынша, жасына қарамастан ресейлік боксшы өте сауатты, сабырлы, тепе-теңдігін жақсы сақтайтын және соққысы мығым.

Робинсон тағы бір қызық жайтқа назар аударды. Төрехан Сабырхан да, Сергей Колденков те жекпе-жекті бірден үдетіп бастай бермейді. Сол себепті екеуі рингте жолықса, екінші және үшінші раундтардағы тактикалық өзгерістер шешуші рөл атқаруы мүмкін.