Санжар Тәшкенбай ел үмітін ақтамады (ВИДЕО)
Санжар Тәшкенбай Ұлан-Батырдағы Азия чемпионатында сәтсіз өнер көрсетті.
Үшінші раундтағы нокдаун
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшы жартылай финал жолдамасын үндістандық Вишванат Сурешпен сарапқа салды. Үш раундқа созылған жекпе-жектің қорытындысы бойынша Суреш төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.
Кездесудің шешуші сәті үшінші раундта болды. Осы раундта үндістандық Тәшкенбайды тұрып есеп аштыруға мәжбүрледі. Бұл эпизод жекпе-жектің жалпы нәтижесіне тікелей әсер етті.
Осылайша үнді боксшысы турнирдің жартылай финалына жолдама алып, кем дегенде қола жүлде еншіледі. Ал Санжар Тәшкенбай құрлық додасын медальсіз аяқтады.
Азия чемпионаты 10 сәуірге дейін жалғасады
2026 жылғы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Қазақстан бұл жарысқа 20 былғары қолғап шеберін алып барған. Оның ішінде 10 боксшы ерлер құрамасында, тағы 10 спортшы әйелдер құрамасында өнер көрсетуде.
Құрлық біріншілігі 10 сәуірге дейін жалғасады.