Қазақстан Азия чемпионатының жүлдесін жекпе-жексіз иеленді

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық боксшы Оразбек Асылқұлов Ұлан-Батырда өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медальге бір табан жақындай түсті.

Қазақстан Азия чемпионатының жүлдесін жекпе-жексіз иеленді
instagram.com/@boxingkazakhstan

Қарсылас рингке шықпады

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Асылқұлов ширек финалда жапониялық Шунсукэ Китамотомен қолғап түйістіруі тиіс еді. Бірақ қарсылас жарақатына байланысты турнирден бас тартты.

Осы шешімнің нәтижесінде Оразбек Асылқұлов ешқандай жекпе-жексіз турнирдің жартылай финалына өтті. Бұл көрсеткіш оған кем дегенде қола жүлде сыйлады. 

Сөйтіп Қазақстан құрамасы Азия чемпионатындағы кезекті медальдың бірін мерзімінен бұрын қоржынға салды.

Чемпионат 10 сәуірге дейін жалғасады

Ересектер арасындағы 2026 жылғы Азия чемпионаты Моңғолияда өтіп жатыр. Бұл жарыс тарихта алғаш рет World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен қолға алынған. Құрлық біріншілігіне 20-дан астам елдің боксшылары қатысуда.

Турнир 10 сәуірге дейін жалғасады.