Төрехан Сабырхан Азия чемпионатында жүлдегер атанды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Төрехан Сабырхан Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан World Boxing ұйымдастырған Азия чемпионаты-2026 турниріндегі алғашқы жекпе-жегін өткізді.

Төрехан Сабырхан Азия чемпионатында жүлдегер атанды (ВИДЕО)
vesti.kz

Жартылай финалға жолдама

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында қазақстандық боксшыға тәжікстандық Шамшер Саидов қарсы тұрды. Жекпе-жек қорытындысында Төрехан 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Сабырхан жартылай финалға жолдама алып, өзіне кем дегенде Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ал Шамшер Саидов жарысты осы кезеңде аяқтады.

Әлем чемпионы тағы бір жүлдеге жақындады

Айта кетейік, Төрехан Сабырхан былтыр Ливерпульде World Boxing аясындағы ересектер арасындағы тұңғыш әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған.

Сондықтан қазақстандық боксшыдан бұл жолы да жанкүйерлер үлкен нәтиже күтіп отыр. Оның Азия чемпионатындағы сенімді бастауы жүлдеден басты үміткерлердің бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Азия чемпионаты 10 сәуірге дейін жалғасады.