Тағы бір қазақ UFC-де: Енді оны тарихи айқас күтіп тұр

Сарапшы, спорт журналисі

Азамат Бақытов бұдан былай UFC BJJ лигасында өнер көрсетеді. 

Тағы бір қазақ UFC-де: Енді оны тарихи айқас күтіп тұр
sportilinet.kz

Қазақстандық файтер Азамат Бақытов UFC ұйымымен келісімшартқа отырып, жаңа лигада алғашқы жекпе-жегін өткізетін болды. Бұл — қазақстандық спорт үшін тарихи оқиға.

Дебют күні мен қарсыласы белгілі

Азамат Бақытов UFC BJJ 8 турнирінде өнер көрсетеді. Оның алғашқы қарсыласы — австралиялық Томас Дэвид.

  • Жекпе-жек күні: 21 мамыр
  • Турнир: UFC BJJ 8
  • Салмақ дәрежесі: орта салмақ
  • Қарсылас: Томас Дэвид (Австралия)

Айта кетейік, бұл кездесу екі спортшы үшін де UFC BJJ-дегі дебют болмақ.

Тарихи жетістік

Азамат Бақытов UFC BJJ лигасында өнер көрсететін алғашқы қазақстандық спортшы. Сонымен қатар, Еуразиядан шыққан тұңғыш өкіл. 

Жалпы, UFC BJJ — 2025 жылдың маусым айында іске қосылған UFC-дің жаңа бағыты. Бұл лига бразилиялық джиу-джитсу бойынша жарыстар өткізеді. Грэпплинг бағытындағы элиталы спортшыларды біріктіреді. 

Бақытовтың жетістіктері

Азамат Бақытов — әмбебап жекпе-жек шебері:

  • ММА рекорды: 9 жеңіс, 0 жеңіліс
  • Nomad Wrestling турнирінің екі дүркін чемпионы.