ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

Қазақ боксшысы Еуропада жекпе-жек өткізбек. Қарсылас белгілі

Дәулет Дәукеновтің қарсыласы словакиялық боксшы болады. 

Қазақ боксшысы Еуропада жекпе-жек өткізбек. Қарсылас белгілі
Vesti.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Дәулет Дәукенов (17-2, 8 КО) Еуропада өтетін келесі жекпе-жегінде кімге қарсы шығатынын білді. 

Қарсылас — Словакия өкілі

BoxRec дерегіне сәйкес, Дәукеновтің қарсыласы словакиялық Лукаш Пасторек (4-3, 4 КО) болмақ.

  • Өтетін орны: Прага, Чехия
  • Күні: 18 сәуір
  • Салмақ дәрежесі: жартылай орта салмақ
  • Жекпе-жек форматы: 6 раунд

Дәукенов соңғы жекпе-жегін нокаутпен жеңді

Қазақстандық боксшы соңғы рет 2025 жылдың 17 қазанында Алматыда жұдырықтасты. Сол кездесуде ол ирандық Хашаяр Гассемиді (17-8, 16 КО) бірінші раундта нокаутпен жеңіп, жанкүйерлерді қуантқан болатын.

Ал Лукаш Пасторек соңғы жекпе-жегін 2026 жылдың 7 наурызында Чехияның Брно қаласында өткізді. Ол жергілікті боксшы Милош Беранекке мерзімінен бұрын жеңілді. Осылайша, қатарынан төрт нокаутпен жеңіске жеткен сериясы үзілді

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.