Конор Макгрегор бокстан жекпе-жек өткізді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 14:27

UFC жұлдызы Дублинде үш раундтық айқасқа шықты. 

Vesti.kz

Аралас жекпе-жек әлемінің жұлдызы, екі салмақ дәрежесі бойынша UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор Ирландия астанасы Дублинде бокстан жекпе-жек өткізді.

Макгрегор Crumlin Boxing Club залында жергілікті әуесқой боксшы Барри Ноланмен жұдырықтасты.

Айқас барысында Макгрегордың қарсыласы екі рет нокдаунға түсті. Ирландиялық спортшы ширақ қимылдап, кездесуді толығымен өз бақылауында ұстады.

Бокстағы жалғыз ресми жекпе-жек

Конор Макгрегор кәсіпқой бокста бір ғана рет шаршы алаңға шықты. Жекпе-жек 2017 жылы өткен болатын. Сол кезде қарсыласы атақты Флойд Мейвезер болды. 
Оның қорытындысы бойынша ирландиялық спортшы техникалық нокаутпен жеңіліс (10-раунд) тапты. 

UFC-ге оралуы мүмкін

Бұған дейін тараған ақпаратқа сәйкес, Макгрегор 11 шілде күні UFC-ге қайта оралуы мүмкін. Ықтимал қарсылас — Макс Холлоуэй. 

Реклама
Реклама