Қазақстандық боксшы WBA титулын қорғады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 15:00

Кәсіпқой боксшы Армат Арманұлы Бангкоктегі бокс кешінде жанкүйерлерге әсерлі жеңіс сыйлады.

instagram/@irfin_promotions

Нокаутпен аяқталған айқас

Оның қарсыласы — кәсіпқой мансабында бірде-бір рет жеңілмеген түркиялық Кенан Гюзель болды. Бұл кездесуде орта салмақтағы WBA Asia чемпиондық белбеуі сарапқа салынды.

Жекпе-жек жоғары қарқында өтіп, жетінші раундта шешуші сәт тіркелді. Армат Арманұлы қарсыласын дәл әрі қуатты апперкотпен соғып, Гюзельді ауыр нокаутқа түсірді. Түрік боксшысы орнынан тұра алмай, төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Осылайша қазақ боксшысы айқасты мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтады.

Титул қорғалды

Бұл жеңістің арқасында Армат Арманұлы өзінің WBA Asia чемпионы атағын сәтті қорғап, кәсіби рекордын жақсартты. Қазір оның көрсеткіші — 7 жеңіс және 1 жеңіліс, оның ішінде 5 жекпе-жек нокаутпен аяқталған.

Ал Кенан Гюзель үшін бұл — мансабындағы алғашқы жеңіліс. Бұған дейін ол алты рет жеңіске жеткен, оның бесеуі мерзімінен бұрын тіркелген.

Реклама
Реклама