Қазақстан Өзбекстанды жеңді: Әйгерім Сәттібаева АЧ-2026 медаліне қол жеткізді
Бүгін, 10:26
Отандасымыз ширек финалда жеңіске жетіп, кемінде қола жүлдені қамтамасыз етті.
NUR.KZ
Қазақстан — Өзбекстан жекпе-жегі
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Әйгерім Сәттібаева ширек финалда Өзбекстан өкілі Сабина Бобокуловамен кездесті.
Тартысты өткен жекпе-жек нәтижесінде төрешілер шешімімен Сәттібаева жеңіске жетті. Соның арқасында қазақ қызы өзіне кем дегенде қола медаль қамтамасыз етті. Яғни Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.
Қазақстан әйелдер құрамасы
Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы бұл турнирге толық құраммен қатысқан:
- Әйгерім Сәттібаева(48 кг)
- Жазира Орақбаева (51 кг)
- Элина Базарова (54 кг)
- Ұлжан Сәрсенбек (57 кг)
- Римма Волосенко (60 кг)
- Лаура Есенгелді (65 кг)
- Бақыт Сейдіш (70 кг)
- Валентина Хальзова (75 кг)
- Надежда Рябец (80 кг)
- Дина Исламбекова (+80 кг)
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама