Азия чемпионаты: Екі қазақ-өзбек дуэлі күтіп тұр

Сарапшы, спорт журналисі

Ұлан-Батырдағы АЧ-2026 ширек финалында қазақстандық бес боксшы рингке шығады. 

Азия чемпионаты: Екі қазақ-өзбек дуэлі күтіп тұр
Sports24.kz

Бүгін, 5 сәуір күні, Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан Азия чемпионаты-2026 аясында Қазақстан құрамасының бес боксшысы ширек финалдық жекпе-жектерін өткізеді. Бұл күнгі басты ерекшелік — Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екі айқас.

Күндізгі сессия: әйелдер құрамасы

Таңғы сессия Астана уақытымен 09:00-де басталады. Бұл кезеңде екі қазақстандық боксшы өнер көрсетеді:

09:45

  • 48 кг: Әйгерім Сәттібаева — Сабина Бобокулова (Өзбекстан)

10:45

  • 57 кг: Ұлжан Сәрсенбек — Пунрави Руенрос (Таиланд)

Әйгерім Сәттібаеваның жекпе-жегі Қазақстан — Өзбекстан текетіресінің алғашқысы болады.

Кешкі сессия: ерлер шешуші айқастарға шығады

Кешкі бағдарлама 14:00-де басталады. Үш қазақстандық боксшы медаль жолында бақ сынайды:

14:45

  • 75 кг: Сабыржан Аққалықов — Таига Яги (Жапония)

15:30

  • 80 кг: Ерасыл Жақпеков — Фазлиддин Эркинбоев (Өзбекстан)

16:30

  • 90 кг: Сағындық Тоғамбай — Хань Сючжэнь (Қытай)

Ерасыл Жақпековтің жекпе-жегі — Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екінші маңызды кездесу.

Қазақстандық жанкүйерлер барлық жекпе-жектерді тікелей эфирде тамашалай алады. Оны "Qazsport" телеарнасы көрсетеді.