ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

Қазақстан Өзбекстанды жеңді: Әйгерім Сәттібаева АЧ-2026 медаліне қол жеткізді

Отандасымыз ширек финалда жеңіске жетіп, кемінде қола жүлдені қамтамасыз етті. 

Қазақстан Өзбекстанды жеңді: Әйгерім Сәттібаева АЧ-2026 медаліне қол жеткізді
NUR.KZ

Қазақстан — Өзбекстан жекпе-жегі

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Әйгерім Сәттібаева ширек финалда Өзбекстан өкілі Сабина Бобокуловамен кездесті.

Тартысты өткен жекпе-жек нәтижесінде төрешілер шешімімен Сәттібаева жеңіске жетті. Соның арқасында қазақ қызы өзіне кем дегенде қола медаль қамтамасыз етті. Яғни Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. 

Қазақстан әйелдер құрамасы

Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы бұл турнирге толық құраммен қатысқан:

  • Әйгерім Сәттібаева(48 кг)
  • Жазира Орақбаева (51 кг)
  • Элина Базарова (54 кг)
  • Ұлжан Сәрсенбек (57 кг)
  • Римма Волосенко (60 кг)
  • Лаура Есенгелді (65 кг)
  • Бақыт Сейдіш (70 кг)
  • Валентина Хальзова (75 кг)
  • Надежда Рябец (80 кг)
  • Дина Исламбекова (+80 кг)
Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.