Азия чемпионатында Қазақстан - Өзбекстан жекпе-жегі өтті
05.04.2026, 16:12
Бокстан Ұлан-Батырда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары арасындағы кезекті тартысты жекпе-жек жанкүйерлер назарын аударды.
instagram.com/@boxingkazakhstan
Жақпеков әлем чемпионына қарсы жұдырықтасты
Ерасыл Жақпеков 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзбекстандық тәжірибелі боксшы, қазіргі әлем чемпионы Фазлиддин Эркинбоевпен қолғап түйістірді. Кездесу қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті Эркинбоевқа берді.
Осы нәтижеден кейін Фазлиддин Эркинбоев Азия чемпионатының жартылай финалына шығып, кем дегенде қола медаль еншіледі. Ал Жақпеков жүлдеден тыс қалды.
Эркинбоев — әлемдік деңгейдегі боксшы
Айта кету керек, Фазлиддин Эркинбоев — World Boxing нұсқасы бойынша қазіргі әлем чемпионы. Оның тәжірибесі мен жоғары деңгейі бұл жекпе-жекте шешуші рөл атқарды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама