Азияның үш дүркін чемпионы нокдаунмен медаль жеңіп алды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
05.04.2026, 16:49

Сағындық Тоғамбай Ұлан-Батырдағы құрлық біріншілігін сәтті бастады.

instagram/@togambay_sagyndyk

Ауыр салмақтағы айқас

Сағындық Тоғамбай 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қытайлық Хань Сюэчжэньмен қолғап түйістірді. Бұл жекпе-жек ширек финал аясында өтті.

Қарсыластардың жетістіктеріне қарап, айқас алдындағы фаворитті анықтау оңай болған жоқ. Сағындық Тоғамбай — 2022 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы және 2022 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері. Ал қытайлық боксшы Хань Сюэчжэнь сол Азия ойындарында күміс медаль иеленген.

Жекпе-жек қалай өтті?

Кездесудің алғашқы минуттарында бастама қытайлықтың қолында болды. Бірақ уақыт өте келе Сағындық Тоғамбай айқас тізгінін қолына алып, бірінші раундтың соңын сәтті аяқтады. Нәтижесінде алғашқы раундта төрешілер басымдықты 4:1 есебімен қазақстандыққа берді.

Екінші раундта да Тоғамбай қарқынын бәсеңдетпей, тағы да 4:1 есебімен үстем түсті. Үшінші раундта қазақстандық былғары қолғап шебері қарсыласының шабуылдарын сәтті тойтарып, жекпе-жек соңына қарай Хань Сюэчжэньді нокдаунға жіберді. Бұл сәт кездесудің шешуші эпизодына айналды.

Осы жеңістің арқасында Тоғамбай Азия чемпионатының жартылай финалына шығып, кем дегенде қола медаль місе тұтты.

Реклама
Реклама