Азия чемпионаты: Қазақстан Өзбекстаннан озып кетті

Сарапшы, спорт журналисі
05.04.2026, 18:55

Моңғолия астанасында бокстан 2026 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары арасындағы принципті текетірес жалғасып жатыр.

instagram.com/@boxingkazakhstan

Қазақстан — Өзбекстан: жекпе-жектер қалай аяқталды?

Құрлықтық додада қос ел боксшылары арасында төрт кездесу өтті. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы үшеуінде жеңіске жетіп, жалпы есепте алға шықты — 3:1.

Ерлер арасындағы нәтижелер:

  • Махмұд Сабырхан (55 кг) — Шахзод Музаффаровты төрешілердің 3:2 есебімен жеңді
  • Ерасыл Жақпеков (80 кг) — Фазлиддин Эркинбоевқа 0:5 есебімен жол берді
  • Айбек Оралбай (90+ кг) — Арман Махановтан басым түсті

Әйелдер арасындағы басты сенсация:

  • Әйгерім Сәттібаева (48 кг) — Өзбекстанның мықты боксшысы Сабина Бобокулованы 3:2 есебімен жеңіп, турнирдегі басты тосын нәтижелердің бірін тіркеді

Қазақстан жартылай финалда көп өкілге ие

Айта кетейік, Азия чемпионатының жартылай финалында Қазақстан құрамасынан — 13 боксшы, ал Өзбекстаннан — 11 боксшы өнер көрсетеді.

Реклама
Реклама