Қытайлық боксшы қазақстандықты финалға жібермеді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 11:30

Валентина Хальзова Азия чемпионатында "қолаға" қанағат тұтуға мәжбүр қалды. 

Sports24.kz

Қазақстан әйелдер құрамасының боксшысы Валентина Хальзова Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты-2026 турнирінде финалға шыға алмады.

Хальзова жартылай финалда тоқтады

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Валентина Хальзова жартылай финалда Қытай өкілі Бао Цзыимен кездесті.

Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен Цзыи Бао 3:1 есебімен жеңімпаз деп танылды. 

Айта кету керек, жекпе-жектің алғашқы екі раундында қазақстандық боксшы басымдық танытқан:

  • 1-раунд: 5:0
  • 2-раунд: 3:2

Алайда шешуші сәттерде қарсыласы нәтижені өз пайдасына бұрды.

Айта кетейік, Валентина Хальзова турнирдің алдыңғы кезеңінде сенімді өнер көрсеткен еді. Ол Оңтүстік Корея боксшысы Суён Сонды 2-раундта мерзімінен бұрын жеңді. 

Турнир туралы

Азия чемпионаты-2026 10 сәуірге дейін жалғасады.

Реклама
Реклама