АЧ-2026: "Алтынға" таласатын алғашқы қазақстандық анықталды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Бақыт Сейдіш сенімді жеңіспен алтын үшін күреске жолдама алды. 

АЧ-2026: "Алтынға" таласатын алғашқы қазақстандық анықталды (ВИДЕО)
sportilinet.kz

Қазақстан құрамасы бокстан Азия чемпионаты-2026 турнирінде алғашқы финалистін анықтады. Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан құрлық біріншілігінде Бақыт Сейдіш жартылай финалды сәтті еңсерді.

Сейдіш қарсыласын айқын басымдықпен жеңді

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Бақыт Сейдіш финал жолдамасы үшін Қытай өкілі Альмира Абдураиммен кездесті.

Жекпе-жек нәтижесі - 5:0 (төрешілердің бірауыздан шешімі). Осылайша, отандасымыз Азия чемпионатының финалына шықты. 

Финал қашан өтеді?

  • Әйелдер арасындағы финалдар: 9 сәуір
  • Өтетін орны: Улан-Батор, Моңғолия

Азия чемпионаты жалпы 10 сәуірге дейін жалғасады.

Айта кетейік, Қазақстан бұл турнирге толық құраммен барды: 

  • 10 ер боксшы
  • 10 әйел боксшы