ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

Жәнібек Әлімханұлы сын астында қалды

WBO уақытша чемпионы қазақстандық боксшыға қатысты өткір пікір білдірді. 

Жәнібек Әлімханұлы сын астында қалды
sport.orda.kz

Британдық боксшы Дензел Бентли WBO тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы атанғаннан кейін Қазақстанның басты жұлдызы Жәнібек Әлімханұлына қатысты қатаң мәлімдеме жасады.

Бентли нокаутпен жеңіске жетті

4 сәуір күні Лондондағы O2 Arena аренасында өткен жекпе-жекте Дензел Бентли венесуэлалық Эндри Сааведраны жеңді. 7-раундта техникалық нокаут тіркелді. 
Осы жеңістен кейін британдық боксшы WBO нұсқасы бойынша уақытша чемпион атағын иеленді.

Жекпе-жектен кейін Бентли Жәнібек Әлімханұлына қатысты ашық пікір білдірді:

"Бір нәрсені анықтайық: мен — әлем чемпионымын. Ол да чемпион, бірақ қазір жекпе-жек өткізе алмайды. Бар құрметімді сақтай отырып айтамын, мен допинг қолданатындарды сыйламаймын. Белбеуде “уақытша” деген жазу көріп тұрсыз ба? Жоқ. Мен оны үйге апарамын, ал балам әкесінің әлем чемпионы екенін айта алады", — деді Бентли.

Айта кетейік, WBO ұйымы уақытша титул үшін жекпе-жекті Жәнібек Әлімханұлының дисквалификациясына байланысты ұйымдастырды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.